Мазмұнға өту

Ресми құжат — бір сөйлеммен

Не керегін жазыңыз. Matin Хатшы өтініш, хат, бұйрықты қазақша ресми тілмен дайындайды.

Бір сөйлем — дайын өтініш

Директорға 17–19 қарашада өз есебімнен демалыс сұрап өтініш, мен мұғалім Асқаров Ерлан

«Ақбұлақ» мектебінің директоры С.К. Нұрлановаға

Мұғалім Асқаров Ерлан Болатұлынан

ӨТІНІШ

Сізден 2026 жылғы 17–19 қараша аралығында өз есебімнен демалыс беруіңізді сұраймын.

2026 жылғы 11 қараша ____________ (қолы)

Іс қағаздарын жүргізу қағидаларына сай (ҚР Мәдениет және спорт министрінің №236 бұйрығы). Сіз жазбаған дерек қосылмайды, жетпейтін жер сары түспен белгіленеді.

Үш қадам

  1. 1

    Жазасыз

    Не керегін бір сөйлеммен жазасыз не айтасыз.

  2. 2

    Тексересіз

    Matin өрістерін толтырады. Жетпейтін дерек сары түспен белгіленеді.

  3. 3

    Word аласыз

    Дайын құжатты жүктейсіз. Қалай тапсыру керегі де жазылады.

«Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды»
Сәкен Сейфуллин

Бүкіл ұжымға бір Хатшы

Мекеме, мектеп, баспа, редакция құжатын бір жерде дайындайды.

  • 100 құжатты бірден тексеру

    Әр қатенің тұсында түзету мен себебі, есеп Excel-де.

  • 100 адамға бірден бұйрық

    Бір үлгі мен тізім. Аты-жөн дұрыс септеледі.

  • Ұйымның ортақ үлгілері

    Бекітілген бланк бір рет қосылады, бәрі соны пайдаланады.

Ұйымның атын, адам санын және телефонды жазыңыз. Бір жұмыс күні ішінде хабарласамыз.

Сұрақтар

Бағасы қанша?

Жеке адамға айына 3 құжат тегін. Ұйымдарға бағасы адам санына қарай — өтінім қалдырыңыз, есептеп береміз.

Құжаттарымды кім көреді?

Тек сіз: құжат өз аккаунтыңызда сақталады. ЖСН, телефон, шот нөмірі ЖИ-ге жіберілмейді.

Орысша құжатты қазақшаға айналдыра ма?

Иә. Мәтінді не Word файлын ресми қазақша құжатқа айналдырады: «ПРИКАЗЫВАЮ» емес, «БҰЙЫРАМЫН».